Абай өмірі — ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл боп өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады. Тіршіліктің шұғылалы жағы мен көлеңкелі жағын түгел таниды. Бармағынан бал тамған өнерпаздарға қызықса, қарапайым жандардың ішкі сұлулығына сүйсінсе, үй ішіндік, рулық, таптық шәркездіктерге жауап іздеуге тиісті болады. Бұған құбылмалы табиғаттың әсерін қосыңыз. Шыңғыстау атырабы кектемде құлпырып, жазда шалқыса, күзде қуарып, қыста қылышын сүйретіп шыға келеді. Жайлы мәуіртте желпіндірсе, жайсыз шақтарда шыныктырады. Алмасқан дүние, қайшы әсер!
Ақын — заманның, жағдайдың, ортаның түлегі. Қөзбен көрген, жүрекпен сезген, бастан кешірген жәйіттер көңілдің түкпірінде, мидың қатпарында ұзақ сақталады. Осының барлығы кейін ол есейгенде, әлемнің ақ-карасын анық ажыратқанда, қиялға қамшы, болжамға баян болады. Тамырсыз өсімдік өспесе, тамырсыз пенденің кітаби білімі ұзаққа бармайды.
Абайдың арғы атасы, Ырғыз даласында туғандықтан, Ырғызбай атанған. Шыңғыстауға қалайша ауытқып барғаны жөнінде нақтылы дерек жоқ. Ақынның арғы аталары Қайдос, Олжай деседі. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек. Қайдостан — Бөкенші, Борсақ тарайды деседі. Бәрі де Тобықтының жуан рулары. Абайдың бергі атасы — Өскенбай. Одан Құнанбай туған. Құнанбайдың тараған он арыстың ішінен Абай мүлдем бөлек тартып кетеді.
Әрине, Абай он арыстың арасында өскен. О да басы жұмыр пенде болған. Сәбилік шақты сәбише, өспірімдік тұсты өспірімше, бозбалалық кезде бозбалаша, жігіттік кезеңді жігітше өткізген. Ада еміп, алшаң өскен Абай Арқаның көгіне аунап, шипа ауасын жұтқан. Домбырадан саз төгіп, ынталы кемейден ән шырқаған. Жастықтың қызығын еркін кешкен.
Кейін ел ісіне араласқанда, ақыл мен білімінің арқасында қатарынан ерен уздіктеніп, теңдессіз атаққа, дарқан даңқка беленеді. Абай ағаның сөзі заңға айналады. Ел билеген текешарлардың көбін менсінбей, құнарлы халыққа жақын тіршілік кешеді. Халық айбарлы ағаны қадір тұтады, емен-жарқын еркелете де біледі.
Озық орыс қауымымен араласып, білім жетілдіре, тарланша тулей келе, Абайдың шоқтығы шексіз биіктеп, жаңа аталған текешарларға деген тәкаппарлығы сұмдық асқынады. Сахарада өткен съезде оңаша үй тіктіріп жататыны, бұл үйге болыстардың батып кіре алмайтыны, «Абаймен жақындастыршы!» деп оның серіктеріне жалынатыны — әлдеқашан ашылғаи шындық, Бұған мынадай бір күлдіргі әңгімені қосуға тура келеді. Семей уезінің бастығы — орыс шенеунігінің әйелі түйеніц бақырғанын естісе, талып қалады екен. Сол себепті түйеші казақтар ұлық тұратын көшеге жоламайды екен. Қалашылап келгенде, Абай керуенді дәл сол ұлықтың үйінің іргесінен өткіздіреді және жорта түйе бақырттырады.
Бұл фактыдан екі түрлі шындық ашылады. Біріншіден, Салтыков-Щедриндерге, Гогольдерге, Крыловтарға қанық Абай, өзі сынампаз суреткер Абай зор шенеунікті келемеж етуден рақаттанады. Екіншіден, уездің бастығын менсінбеген Абай Құнанбаевтың Россиямен, бұл арада, билеп-төстеуші Россиямен, ішкі байланысы тым әріде жатады. Орыс-Түрік соғысы кезінде (1876-1878) Абай Құнанбаевтың казақ халқына ашық хат жазып, орыс әскеріне жәрдемдесуге шакырғаны мәлім. Оның туған інісі Халиулланың, Омбыдағы кадет корпусын бітірген офицердің, сол соғысқа қатысканы және мәлім.
Абайдың бір кезгі элеуметтік-қоғамдық дәрежесі осылай болса, бұған оның аскан ақылдылығын, алғырлығын, білімпаздығын косуға керек. Дәулетті де жомарт Абайдың билеуші биік қауыммен қалайша аралас-кұралас жасағанын болжауға керек. Шоқанныц жомарттығын әкесінің — полковник шенді Шыңғыстың — түсінбей, «қыруар каражатты қайда жұмсайсың?!» деп таңданганын еске түсіруге керек.
Абай Меке-Мединеде мешіт салдыратын Құнанбай қажы емес. Ол — ақын. Ол — ойшыл. Ол — халкының қамқоры, прогреске шақырушысы. Ол орыс үлықтарының, орыс ғалымдарының атауынша — Ибрагим Қунанбаевич!
«Жұлдыз» журналының 1968 жылғы марттағы санында Есім Байболовтың «Абай Жетісуға келген бе?» деп аталатын мақаласы жарияланды. Қүні бүгінге шейін «Абай Петербургке барған ба?» деген сұрау баспасөзде қойылған жоқ. Ал, шындығында, сұрақсыз жауап жоқ қой. Біздің тарихшылар, Абай зерттеушілер бұндай сауалға неге жол бермейді?
Абай Сібір халықтарының тарихын зерттейді. Түркі тектес халықтардың тіліне қанығады. Жабайы тіршіліктің кілегейі бұзылмасын деген зарлауықтарды шенейді. Сауда-саттықтың не екенін халқына түсіндіреді. Сырбаз Абай шарап ішеді, әртүрлі жұрттың жақсысымен сұқбат-мәжіліс құрысып, сауық-сайран салысады. Сондайлық Абай тобықтының арасынан қалай ұзап шықпайды?
0 votes Thanks 1
alibekk01
Абай өмірі — ғажап өмір. Бесікте әнмен әлдиленген ол көшпелі елде, әртүрлі рулардың салтында әсершіл боп өседі. «Махаббат пен ғадауатқа» ерте қанығады. Тіршіліктің шұғылалы жағы мен көлеңкелі жағын түгел таниды. Бармағынан бал тамған өнерпаздарға қызықса, қарапайым жандардың ішкі сұлулығына сүйсінсе, үй ішіндік, рулық, таптық
Answers & Comments