• Абай Құнанбаев өзінің он тоғызыншы қара сөзінде естілік ұғымы туралы терең ой қозғайды. “Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады” – дейді.
• Мінеки, естіліктің адам баласының бойына туа сала бітпейтінін, естіліктің күнделікті өмірде сезіну, түсіну арқылы қалыптасатынын айтады.
Шыр етіп туа сала ешкім дана болмайды, оқып, біліп, жақсыны бойына сіңіре алған есті болады. Ия, адам баласы өмір тәжірбиесінің нәтижесінде жақсылық пен жамандықтың, естілік пен ессіздіктің жігін ажыратады. Адам баласы есейе келе, күнделікті өмірден алған тәлім-тәрбиесінің, тәжірибесінің арқасында, санасы, білімі дами береді.
• Абай Құнанбаетың осы қара сөзіндегі ой-тұжырымы қазақ халқының мәтеліндегі «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген ұғымымен де ұштасатын сияқты. Естілердің айтқан сөздерін ой елегінен өткізе отырып , оның пайдалы және ұтымды жақтарын күнделікті өмір тәжірбиесінде оңтайлы қолдана білуі, сол адамның ақылдылығын көрсетеді
Он тогызыншы қара сөзі – біздер, жастар үшін бағасыз сый. Сол сыйды өзінің қажеттілігімізге жарата білу біздің, жастардың, еңбектене белуімізге және де жалқаулықты жеңуімізге байланысты.
Answers & Comments
Ответ: