Абай Құнанбайұлы – қазақтың ұлы ақыны, философ, аудармашы, композитор. Адам өмірінен сыр шертетін атақты 45 қара сөздің авторы. Өз қатарының алды, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген белді ақын.
Әкесі Құнанбай ел басқарған болыс, шешен, би болған. Балуан, қара күштің иесі атанған. Ислам дінін берік ұстанып, шариғат жолымен жүрген қажы. Абайдың алғаш сауат ашып, ел ісіне араласуына бірден-бір себепкер болған.
Әжесі Зере ел сыйлаған ана, Абайдың ел адамы болып ер жетуін тілеп, тәрбиелеген. Ұзақ жасап, барлық немерелеріне жанашыр болған. Қисса, әңгімелерді көп білген. Құнанбай тек анасы Зере алдында ғана шешімінен бас тарта алатын болған.
Анасы Ұлжан сөзге ұста, шешен, салмақты да сабырлы кісі болған. Абайдың ақын болуына әсер еткен жан деседі. Абайға қазақы тәрбие беріп, аналық махаббаттан кенде қалдырмаған.
Answers & Comments

#SPJ5