Абай «Жаз»
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Өлеңнен жаз мезгілін сипаттайтын 3 тірек сөз жазыңыз