Ответ:Абайдың үлгі-өнеге алған ең үлкен мектебі ХІХ ғасырдағы орыс әдебиеті болды. Сол мектептен үлгі алған Абай қазақ әдебиетінде үлгілі мектеп болды.
Абайдың аударма өлеңдерін түпнұсқаға барабар аударма және еркін, төл шығармаға айналған аударма деп екі топқа бөліп жіктеудің өз қисыны бар. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тәржімалайды. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нәтижесі.
Абайдың ең бір ұмытылмас еңбегі орыстың ұлы жазушыларынан өзі үлгі-өнеге алумен бірге, оларды қазақ халқына таныстырып, олардың еңбегін аударып өз еліне үлгі етуінде.
Орыс әдебиетіне зер салғанда, Абайдың назары алдымен Пушкинге ауғаны тегін емес. Пушкин орыс әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, қоғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің басы болды. Ол қоғамдық ой-өрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, орыс әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды.
Answers & Comments

дурыс