«Абайды оқы, таңырқа!» , «Қазақтың ұлттық қолөнері», «Өлкені сипаттау өнері» бөлімдері бойынша жиынтық бақылау жұмысы. 2 - нұсқа

Оқылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңыз.
Керекті сөздер: білезік, сақина, жүзік, құлаққа, қолға, жасаған, әшекейлеген.
1.Қазақ әйелдері ..., ..., ... таққан. 2.Сырға - ... тағатын сәндік зергерлік бұйым. 3.Сәндік бұйымдарды алтын мен күмістен ... . 4. Білезікті екі ... таққан. 5.Сәндік бұйымдарды оюмен ... .
1 балл
2- тапсырма. Берілген сөйлемдердің ішінен себеп – салдар жалғаулықтарын анықтап, астын сызыңыз.
Зергерлік бұйымдар қымбат болады, себебі шеберлер қолдан жасайды. Қыздар зергерлік бұйымдарды жақсы көреді , өйткені ою – өрнекпен әшекейленеді . Қазақ әйелдері шашбау, шолпы таққан, сондықтан әшекей бұйымдардың тәрбиелік мәні зор болған. 3 балл

Жазылым. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
3-тапсырма. Берілген сұрақтарға толық әрі қысқа жауап жазыңыз.
Ұлы ақын Абай табиғат тақырыбына не жазды? Абай неше жасынан бастап өлең шығарған?
Қысқа жауап: ...
Толық жауап: ... Қысқа жауап: ...
Толық жауап: ...
2 балл
4 – тапсырма. Тірек сөздерді пайдаланып, « Туған өлкем» деген тақырыпта шағын мәтін құрап жазыңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда етістіктің шақтарын, себеп – салдар жалғаулықтарын, сөздердің орын тәртібін сақтай отыра, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. (50-60 сөз)
Тірек сөздер: менің өлкем, ерлік, қасиетті, сүйемін, себебі, кең – байтақ, табиғаты, бақытты, солтүстік, оңтүстік, қымбат т.б.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.