Бойына Алла тағаланың нәрі, қуаты құйылғанын түйсінген, сәйкесінше Тәңіріге махаббат қылған ерен ғұлама ай асты әлемде санаулы делінеді, міне, қазақтың Абайы – сол қатардан. Ұстазы әспеттелген өлең шумағында Көкбай ақынның «әулие хакім» теңеуін қолдануы тегіннен тегін емес, алыс-жақын қазаққа Абай көзі тірісінде-ақ көреген әулие ретінде танылған. Кез келген өзге теңеу Абайға олқы соғады, әсте. Себебі, ол мінсіз сөздің иесі. 38-сөзінде: «Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз. ...Алла тағаланың пендесін махаббат уә мархаматпенен жаратқанын біліп, махаббатына махаббатпен елжіремекті Құдайға ғашық болды дейміз. Олай болғанда хикмет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік шамасында білсем деген әрбір істің себебін іздеушілерге хакім деп ат қойған» десе, бұл ойшыл өзі сезінген, көзі жеткен ақиқат екені сөзсіз. Әулие хакім Абайдың Құдайға ғашық болуының куәсі әрі діни-теологиялық көзқарастары тоғысқан басты мұра - 38-қарасөз болып табылады. Біреу біледі, біреу білмейді, қазіргі «38-қарасөз» деп жүргеніміз шындығы 1899-1902 жж. дүниеге келген теологиялық трактат, оған Абайдың өзі қойған төл аты - «Ғақлиат-тасдиқат» (Мүрсейіт көшірмесінде қысқа түрде «Тасдиқ» делінген) еді. Аталмыш даналық шығарма қазіргі «38-қара сөз» деген бүркеншік атауды 1933 жылы алды. Қайтіп? Оған себепкер қылышынан қан тамған қызыл идеология. Дін исі аңқыған трактатты тасқа басу жалаң аяқ шоқ басумен бір еді. Әйтсе де, ғұлама Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Тасдиқты» өзге ғақлиялар арасына тықпалап жариялап-ақ жіберді. Дана Абай ақыл-ойын сарқа жұмсаған ғажайып туынды осылайша бүгінгі күнге аман жетті. Бірақ сол үшін күллі қарасөздердің рет саны өзгертілді. Енді қарасөздердің Абайдың өзі қойған рет санын қалпына келтіру күн тәртібінде тұр. Сол сияқты 38-қарасөзге ғылыми түсініктер беру, төл атымен атау және оның жазылған кезеңін түзету тәрізді шаралар тездетіп қолға алу керектігі сөзсіз. Неге десеңіз, Абайдың бұл шығармасы қазақ ақыл-ойының шыңы, күллі әлемге үлгі әрі жалпыадамзаттың игілігіне жарамды брендіміз. Онда әлемдік руханият түйткілдерінің түгел дерлік шешуі бар. Айырықша құнды шығарма - 38-қарасөзде (ескіше кітап «Тасдиқ») орын алған даналық танымдарға келейік. Олар Алла тағала болмысын танып-білуден (тағрифлеу) бастау алады. Жаратушы Құдірет Өзінің бір, бар екенін адам баласына заты және хикметі арқылы білдіреді. Бірақ Тәңірінің заты болжаусыз, адамның ақылына сыймайтын стихия. Яғни танымдық алаң шақ, тым шектеулі. Тәңірінің заты көмескі болған соң, әрине, Оны хикметі (ісі, жолы, заңы) арқылы танып-білу негізгі тәсіл. Ұлы Абайдың 38-сөз көлемінің үштен бірін Жаратушы хикметін танып-білуге арнауы содан. Абай Тәңірінің күллі әлемді екі хикметі арқылы меңгеретінін анықтап береді. Олар - махаббат пен әділет. Осыған Ғылым-Құдірет сипатын қосады. Себебі Құдай материалдық әлемді мінсіз етіп ғылым-құдірет сипатымен жаратқан ғой. «Біз Жаратушы (Өзін) емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз». Бұл арада «жаратқан көлеңкесі» - заттық әлем. Оны ғылымсыз танып-білу мүмкін бе? Әрине, жоқ. Сонымен, құдайшылық, мейлі, адамгершілік мұраттар тұрғысынан алсақ та, өзгермейтін үш негіз бар, олар - ғылым, махаббат, әділет. Осынау Тәңірінің үш хикметін анықтап беру - ұлы Абайдың әлемдік руханиятқа қосқан зор үлесі. Жаңағы жаһандық ой-парасат шыңында шамдай жарқыраған жаңалық идея. Әрі қарайғы әділетті адам, Құдай жолы, үш сүю сияқты ілімдерін негіздегенде Абай жаңағы үш хикметке үнемі қол артады. Әділінде, үшкілді Абай ашқан үйлесім формуласы деуге керек. Өйткені, бұл үштік өзара байланыстағы, бірін бірі өсіретін, толықтыратын категориялар. Ислам пәлсапасына сәйкес Тәңіріні танудың шарты - көңілде махаббат тұруы. Шын иман - Жаратушыға махаббат. Сол үшін сопылықты «махаббат діні» дейді. Тақуа әулиелер Тәңіріге ессіз-түссіз ғашық болды. «Ғашықтары сол хәлге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бәлки хисапқа алмадилар», - дейді Абай. Гәп сонда, өзі де Жаратушы Иені «жаннан тәтті» сүйді. «Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі, Өзіне құмар қылған Оның әмірі», - деп сыр ашады әулие ақын. Дей тұрса да Абай дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытқан емес. Берісі - «қалың елі, қазағы», әрісі – күллі адамзат қамы деп түн ұйқысын төрт бөлді. Абай ілімінде Алланы, адамзатты және әділетті сүюдің бір біріне шеттігі жоқ, үшеуі қосылып, иманның үш тірегі - иманигүл болып табылады. Тоқ етері, «үш сүю» Абайдың теология өрісінде ашқан тағы бір мәнді жаңалығы (Абай танымы мен суфизм ілімі арасының айырмасы деген мәселенің шешуі де осы арада).
Answers & Comments
Ответ: