үсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы ().
Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы (), КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы () және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты ().
Шығармашылығы
Алғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды[1]..
М. әңгіме жанрының өркендеуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. “Қос шалқар” (1928), “Көк үйдегі көршілер” (1929), “Өмір ертегісі” (1930), “Алғашқы адымдар” (1932), “Шұғыла” (1934), “Үздіксіз өсу” (1934), “Жайлау жолында” (1936), “Тұтқын қыз” (1938), “Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі.
Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол “Ананың анасы” (1933), “Өлімді жеңген ана” (1933), “Ашынған ана”, “Ананың арашасы” (1934), “Ер ана” (1942), “Ақлима” (1944), “Әмина”, “Ана жыры”, “Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
Answers & Comments
үсірепов, Ғабит Махмұтұлы (22 наурыз 1902 - 31 желтоқсан 1985) – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.
Қазақ КСР ҒА академигі (1985), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы ().
Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы (), КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымындағы () және ҚазақКСР Жоғары Кеңес депутаты ().
ШығармашылығыАлғаш 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланды. Мүсіреповтің тұңғыш повестерінің қатарына 1928 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген “Тулаған толқында” мен “Американ бидайығы” атты шығармалары жатады. Жас жазушының болашағынан үміт күттірген бұл туындылар азаматтық тақырыпты толғайды. “Тулаған толқында” повесі сюжеттік құрылысының босаңдығына қарамастан, жас қаламгердің пейзаждық, юморлық, диалог жасағыштық шеберліктерін байқатып, суреткерлік қырын танытқан шығармасы болды[1]..