«Абылай ханның арманы» драма театры туралы шағын мақала жазыңыз. Мақалада тәуелдік және көптік жалғаулары мен сын есімдерді қолданыңыз. Помогите, срочно !!!
Ел егемендігінің мерейтойы қарсаңында Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры белгілі жазушы, драматург Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» атты тарихи драмасының премьерасын көпшілік назарына ұсынды. Алты алаштың басын қосқан батыр бабамыз Абылай ханның 300 жылдығына орай Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тұсауын кесіп, тұңғыш рет сахналанып отырған тарихи драманың қоюшы режиссеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов. Абылай ханның рөлін «Қасым» фильмінде Қазақстанның халық қаһарманы Қасым Қайсеновті, Е.Жуасбектің «Терең тамырлар» аллегориялық драмасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнелерін сомдаған талантты актер Қуандық Қыстықбаев пен «Кенесары-Күнімжан» спектаклінде Кенесары бейнесін сомдаған актер Сырым Қашқабаев ойнайды. Біз Қуандық Қыстықбаевтың сомдауындағы Абылай ханды тамашаладық. Өте сәтті шығыпты. Актердің бұдан бұрын да ірі тұлғаларды сомдағанын ескерсек, Абылай рөлін сомдауда да көп ізденгенін байқауға болады. Қойылым желісі Абылай ханның жоңғар тұтқынына түскен сәтінен басталады. Ол тұтқында жүріп қалмақ ханзадасы Әмірсанамен дос болады. Бастарына қандай күн туса да бірін-бірі сатпауға уағдаласады. Абылай өзінің ақыл-парасатының арқасында екі жылдан соң тұтқыннан босап, жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің қызы Топыш сұлуды жар етіп, елге әкеледі. Қалдан Сереннің бұл қылығына кектенген қалмақтың билікқұмар мұрагерлері оған у беріп өлтіреді. Осыдан соң қалмақтардың өз ішінде қыза түскен таққа таластың ақыры, жоңғар халқының басынан бағын тайдырады. Осы тұста Абылай хан Әмірсанаға қолдау көрсетеді. Бірақ ол қытайлардың арбауына түсіп, қалмақ елінің құрдымға кетуіне ықпал етеді. Тарихи драма осы бір аласапыран, қиын-қыстау заманда елі мен жерінің тұтастығын сақтап қалған ержүрек батырдың өнегелі өмірінен сыр шертеді. – Абылай ханның арманы – елінің тәуелсіздігі, жерінің тұтастығы, қала салу болған. Оның: «Менің арманым елімнің басын теңдікке, қолын билікке, тақымын атқа, аузын аққа жеткізу» деген ойлы сөзі бар. Осы сөзінде Абылай ханның бүкіл арманы, бүкіл ой жүйесі тұнып тұр. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен алды» дейді ғой. Сондай өте бір қиын кезеңде Абылай өзінің ұлылығының арқасында, өзінің қол бастаған батырлығының, сөз бастаған шешендігінің, ел бастаған көсемдігінің арқасында бүкіл қазақ елінің елдігін сақтап қалды. Жерінің тұтастығын сақтап қалды. Бұл ұлы іс еді сол кезде. Осы жайлар мені Абылай хан туралы пьеса жазуға алып келді, – дейді жазушы Думан Рамазан. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы, Астана
Answers & Comments
Ответ: