- Адамда екі түрлі мақсұт бар, оның бірін Тән мақсұты, бірін жан мақсұты дейміз. Қара басының қамын ойлап, өзімшілдік, мақтан көксейтін тән мақсұты. Адамшылық ар мен адал еңбек іздейтін – жан мақсұты. Бастапқыны көксеген адам зұлымдық, қиянатпен болса да, мал, мансап, мақтан табуға құмар болады. Соңғыны көксеген адамның адал еңбек, ақ ниеттен басқа іздейтіні жоқ, ол адам баласын ала көруді, қиянат қылуды тіпті ұнатпайды. Осыны біле тұра адамның қиянатшыл, мақтанқұмар болатынының себебі: адам жас күнінде тәжірибесіз балалықпен сәнді киімге, кеңесшіл кер- деңдікке қызығып, соған құмар болады. Бір адам сайтанға махаббат көзімен қарап әдеттенсе, аздан соң сайтанды біржо- лата періште деп біліп, өз қылығын өзі сынай алмай қалады... Мінеки, достар! Зұлымдық, қиянат қылып әдеттенген- дердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмар- ланғандардың адал еңбек, ақ ниеттің жолында құрбан бола- тындары да әдетке айналып, шын құмар болып кеткендіктен болады. Адамның бәрі бала болып, ақылы жай толатындық- тан, сәнқойлық, көрсеқызар, мақтанқұмарлықты бірінен-бірі көріп, тәлім алады. Өзін-өзі тексеріп, ол әдеттi қалдырып, таза ақылға билету әлденеше мыңнан біреудің-ақ қолынан келеді. (Шәкәрім Құдайбердіұлы) пжж 3 сұрақ срочно​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.