Ізгілік адамның бақытты болуына, қоғамда керемет беделге ие болуына, өзін жақсы сезінуіне, айналасын ұнатуына, басқа адамдарға, соның ішінде балаларға үлгі болуына ықпал етеді. Қол қусырып отырып өмірден бірдеңе күтсеңіз, онда өмір сұр түске боялады ғой. Сондықтан адамдарға жақсылық жасау керек, сонымен қатар таза жүректен, адамдарға көмектесу керек. Мейлі мүлде таныс емес адам болсын. Өзгеге жасағаныңыз өзіңіздің де көңіліңізді бір көтеріп тастайды.
Ізгілік ол вирус сияқты нәрсе. Бірақ зиянды емес. Сіз біреуге көмектессеңіз, оның да өзге біреуге қол ұшын созғысы кеп тұрады. Лев Толстой: "Адамдармен қатынаста iзгiлiк мiндеттi нәрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың" деген екен. Расымен де, ізгі қоғамды қаласақ, өз әрекетімізден бастайық.
Ізгілік әр адамның өмірінің маңызды темірқазығы. Адам ізгіліксіз бақытты өмір сүре алмайды, ал өмір жалғыз берілгендіктен, ізгіліксіз оның мәні болмайды. Басқа адамдардың қарым-қатынасы мүлдем маңызды емес - жақсы немесе жаман. Адам үшін ең маңыздысы - оның басқаларға қатынасы. Ізгілікті қоршаған әлемге тарату арқылы ғана сіз өзіңізді бақытты сезінесіз.
Answers & Comments
Адам арасындағы ізгі қарым-қатынас

#SPJ3