Адам баласының арманы көп болады ғой. арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. армансыз адам – ормансыз бұлбұл дейді қазақ халқы. ал мен «арманы жоқтың – жаны жоқ», - деп айтар едім. себебі, менің ойымша, жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі.
Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, асқақ арман деп, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деген тілекті жиі естиміз.
Өз арманым туралы айтып өтетін болсам, менің армандарым көп. саралай отырып, ең бастысын айтсам – жер бетіндегі адамдардың бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен деймін. сол жағдайда ғана барлық адамдардың арманы орындалады.
Answers & Comments
Ответ: