Адамның атының сүйкімді болуы да - зор бақыт па дей
мін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып
қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды
Әрі мағына жағынан да қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова
татейше айтқанда, бұлар - жоғары идеялы есім
дер. Мұндайлар оз атын кәдімгідей мақтаныш көріп,
біреумен таныса қалса, мәнерлеп, котеріңкі дауыс
пен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз
есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең
қолдан келсе, табанда озгертіп, әдемі аттардың
біреуін өзгертіп алар едің!...
Жарайды, «Өткенге өкініш жоқ» дегендей,
істің турасына кошелік. Менің атым
Қожа, Kopin
отырсыңдар, пәлендей әйдік ат емес.
Шынымды айтсам, бұл о баста Қожа емес,
Қожаберген екен. Туу куәлігінің өзінде солай деп
жазылған....
Сонымен, мен өзім ес білгелі Қожамын. Ауыл-аймақтың бәрі
солай атайды.
Біз бір класта екі Қожа бармыз. Сүттібайдың үлкен баласының
аты да Қожа. Оқушылар екеуімізді шатастырып алмас үшін
өңімізге қарап, мені «Қара Қожа», оны «Сары Қожа» деп атайды.
Әуел баста мен бұған өкпелеп қалатын едім. Бірақ жүре-бара
құлағым үйреніп, дағдыланып кеттім, «Қара Қожа» дегендерге
«ду!» - деп жалт қарайтын болдым.
Фамилиям - Қадыров... Қадыр менің әкем...


Найдите имена собственные и нарицательные
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.