Адамның сыртқы бейнесі оның ішкі жан дүниесінен хабар береді. Өзін ортасына сай, мәдениетті, сыпайы ұстаған, айналасына сыйласымды қарым-қатынаста болған адамның ішкі дүниесі де әдемі болады. Ішкі мәдениет адамның қоғамда өзін ұстауы мен киім киісі арқылы да көрінеді. Адам өзінің сыртқы бейнесімен де халыққа өнеге көрсетуі керек. Қонымды киім кию әдебі – адамдардың ақыл-ойы, эстетикалық талғамы мен еңбегінің жемісі. Адам ортасына қарай киім таңдайды. «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген нақыл бар. Адам туралы алғашқы пікір оның сыртқы бейнесіне байланысты туатыны рас. Бірақ «қымбат киім киген адам ғана жақсы болып көрінеді» деген ой тумауы керек. Бұл жерде бойға қонымды, үйлесімді, жинақы киім туралы айтылып тұр. Киім адамның болмысын, ерекшелігін көрсетеді. Киім кейде адамның мәртебесін көтереді, кейде адамды әдепсіз етіп көрсетеді, кейде талғамсыз етіп көрсетеді. Жарасымды, қонымды киім киген адам қашан да өз-өзіне сенімді болып көрінеді. Киім адамды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан қорғайды. Тігіншілер мен дизайнерлер жылда мыңдаған киім үлгісін ойлап шығарады. Соның арқасында әр адам өзінің даралығын сақтайды, басқа адамдармен біркелкі болмауына мүмкіндік туады. Киімнің түрі көп болса, әр адамның өзіне тән стиль таңдауына мүмкіндік туады. Стиль әр адамның мінезі мен қызығушылығына байланысты болады. 1-тапсырма. Мәтін не туралы? О чем текст?
Answers & Comments
Ответ:
Мәтін адамның сыртқы бейнесі туралы
Объяснение: