Аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 728 млн. адам (1995). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, (Сахарада) созылған, оңтүстігінде ені 810 км. Африканы экватор сызығы кесіп өтеді. оның шеткі нүктелері: солтүстігінде - әл-Абияд мүйісі (37о 20’ солтүстік ендік), оңтүстігінде - Ине мүйісі (34о 52’ оңтүстік ендік), батысында Әлмади мүйісі (17о 23’ батыс бойлық), шығысында Рас-Хафун мүйісі (51о 23’). Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізі сулары шайып жатыр. Солтүстік шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаынң Пиреней түбегінен бөлінген. Жағалауы нашар тілімделген, көбінесе таулы , тік беткейлі болып келеді. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра, Қолайлы қойнаулар аз. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында – Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен, Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон, Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Тектоник. жарықтар жүйесі Шығыс Африка грабені деген атпен белгілі. Ол Қызыл теңіз табаынан басталып, Африканың шығысын бойлай 6500 км-ге созылып жатыр.
Ойпаттары мен аласа жазықтары көбіне жағалауда орналасқан (Сенегал, Гвинея жағалауы, Сомали, Мозамбик, Жерорта теңізі жағалауы). Биік таулар Атластың биік бөлігі мен Шығыс Африка грабені жүйесіне тән. Экватордан солтүстікке қарай Африканың көп жерін Сахара және Судан жазықтары мен үстірттері алып жатыр. Сахараның орталық бөлігі көтеріңкі, онда Ахаггар мен Тибести таулы қыраттары оқшау көрінеді. Сахараның солтүстік батысында Атлас таулары (Тубкаль, 4165 м), шығысында Қызыл теңізді бойлай Этбай жотасы (Асотериба, 2216 м) созылып жатыр. Ол оңтүстігінде Эфиопия таулы қыратына (Рас-Дашан, 4623 м) ұласады. Бұл таулы қыраттың аралығында Африканың ең терң ойысы – Афар жатыр. Оның солтүстік батысында Камерун жанартауы (4070 м), солтүстігінде Азанде, батысында Оңттүстік Гвинея қыраты, оңтүстігінде Лунда-Катанга үстірті, шығысында Шығыс Африка таулы қыраты қоршай орналасқан. Олар сөнген және әлі сөнбеген жанартау конустарына, яғни батысында Рувензори (5109 м), Карисомба (4507 м), Рунгве (3175 м), шығысында Элгон (4322 м), Кения (5199 м), Меру (4567 м), Килиманджаро (5895 м) тауларына жалғасады. Оңтүстікке қарай жүрген сайын жер бедері біртіндеп аласарып, Калахари ойысы арқылы Кап және Айдаһар (Дракон) тауларына ұласады. Бұл таулардың беті өте жиі тілімденген, бір-бірінен терең аңғарлармен бөлінген. Кейбір бөліктерінің бетін қалың базальтты шөгінділер жапқан. Африканың оңтүстік шығысында құрлықтан бөлінген Мадагаскар аралы орналасқан.
Answers & Comments
Ответ: