Керуеннің түйесіндей тізбектеліп шұбырған бұл жалғанға кімдер келіп, кім кетпеді десеңізші. Солардың бірі де бірегейі, қазақтың сүт бетіндегі қаймақтай қалқып шығар зиялы тұлғасының бірі Ахмет Байтұрсынов. Оның келер ұрпақ, болашақ жастарға, жас шыбықтай жас балаларға қалдырған мысал өлеңдер қоры мол-ақ.
Ұлт болашағынан бал ашпай, керісінше мысалдары арқылы қисық бұтақты түзетуге жанын салған ақынның тәкаппарлық, менмендік туралы «Өгіз бен бақа », « Егіннің бастары » атты мысал һәм үлгі өнегеге толы өлеңдерін қызыл тілге тиек етпекпін.
Адам өмірге кінәсіз, кіршіксіз, таза парақ тәрізді пәк болып келеді. Өсе келе, отбасы, оқыған ортасы, достарының ықпалымен жамандық пен жақсылықтың ара жігін ажырата бастайды. Бірақ кейде тәкаппарлық пен озбырлықтың құрсауында қалып, өтіріктің торына шырмалып қалатынымыз тағы бар. Мұндай кезде не қарекетке баруымыз тиіс? Кімнен үлгі алып жүрміз? Біз мұны жеңе аламыз ба? Бұл сұрақтың жауабын бірге іздеп көрелік.
Біріншіден, адамның көкірек көзі ашық, санасы ояу болса, бұл жағдайлардан сабақ алып, дер кезінде түсінетініне сенімім кәміл! Егер «Өгіз бен бақа» мысалындағы бақа тәрізді өз әлін білмей, өз болмысынан асып, өзгенің ағымына ілесіп кете берсе оның тұлғалық даралығы жойылады.
Екіншіден, осы жауһар, көңілге ой салатын мысалдарды жиі оқып отыру арқылы өз- өзімізді тәрбиелеуіміз қажет.
Үшіншіден, тек ерік жігері мол адам өмірдің осы тұстарын тасқа жарып шыққан сынадай жарып шыға алады. Ол үшін тек жігерлі болу керек.
Менің ойымша, бұл мысал тек Ахмет заманында ғана емес, бүгінгі күні өз сипатын алыр отыр. Өмірде бұндай пасық, өркөкірек адамдардың белең алуы ғасыр дерті десекте болады.
Answers & Comments
Ответ:
Объяснение:текст если нужно
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы,
Егінші егін еккен жерге барды.
Аралап әр егінді қарап жүрді,
Кез еді пісіп болған егін түрлі.
Бастарын дәнге толған төмен салып,
Бидайлар бейне тағзым етіп тұрды.
Жалғыз-ақ бір бидай тұр көкке қарап,
Бейне бір жалғыз өзін көпке балап.
Баланың сол бидайға көзі түсіп,
Білмекке кетті көңіл жөнін сұрап:
«Құбылып бидайлар тұр басын салып,
Жіберген мырза Құдай нұрға қанып.
«Әй, әке, мұның мәнін түсіндірші,
Бір іске тұрмын өзім қайран қалып.
Бұл Бидай көтеріп тұр басын көкке,
Қарайды шекірейіп өзі көпке.
Өзіне өзгелерді теңгермейтін,
Соншама бұл бидайдың дәні көп пе?»
«Айтайын мұның мәнін, балам, саған,
Шырағым, түрін көріп таңданба оған.
Өзгесі төмен қарап бүгілгенде,
Ойлама кем екен деп бәрі сонан».
Және де әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді.