Ақиық ұстазы − Әбу Насыр Мұхаммед ұлы Мұхаммед Тархан Фараби туралы ойлады. Әбу Насырдың «Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітап» деген ғажайып шығармасын еске алды. Ол шығарманы үш рет оқып шыққан. Кітапта ұлы ғұлама қоғам туралы айтқан. Ұстазы қоғамды «толық» әм «толымсыз» деп екіге бөледі. Толық қоғамның өзі үш түрлі: үлкен, орташа және кіші. Үлкен қоғам − бүкіл жержүзіндегі ақылды адамзат; орташа қоғам — белгілі бір ел, мемлекет; кіші қоғамға жеке-дара қала халқын жатқызған. Енді осы қалалардың өзін «ізгі» және «надан» деп екіге бөледі: «Адамдары бақытты болу үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады, халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отыратын қоғам да ізгі қоғам болады», — дейді. ...Надан қалаларды Әбу Насыр сегіз түрге бөледі. Бұл қалалардың халқы бас пайдасын жұрт мүддесінен жоғары қояды, өзімшіл, менмен, мақтаншақ келеді. Олардың ұғымынша, өмірдің ең асыл ләззаты байлықта, билікте. Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қаласы — осы Отырар емес пе? Әбу Насыр ізгі қаланы қатты аңсаған. Оның ойынша, ізгі қала тұрғындарының дені бақытты, білімді, өнерлі, зергер, еңбексүйгіш, меймандос, шыншыл болады. Өсек, өтірік, ұрлық, бұзақылық жойыл ған. Жұрт та бір-біріне үнемі ізгі ниетпен көмектеседі, қуанышын қоса көтереді. Ешбір қаламен соғыспайды, бірақ өзгелер шабуыл жасай қалса, тойтарар қайраты мол. Ешкімге есесін жібермейді. Ол қаланың әміршісі де ержүрек, білімді, қылышты емес, кітапты сыйлайтын саналы жан болғаны ләзім.


Әбу Насырдың қандай ғажайып шығармасы бар?

«Ізгі қала халқының көзқарастары туралы кітапта» ғұлама не туралы айтқан?

Надан қалаларды Әбу Насыр қанша түрге бөледі?

Ауызбірлігі мол, түсінігі терең, бір-біріне қол ұшын беріп отыратын қала – қай қала?

Әбу Насырдың ойынша, ізгі қала тұрғындары қандай болады?

Ізгі қаланың әміршісі қандай болғаны дұрыс?



Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.