Қай мақал-мәтел жоғарыдағы мәтіннің тақырыбымен мәндес болатынын анықта.
Талғам және стиль
«Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ» деген мақал баршаға белгілі. Жарасымды киім адамды өз ортасында тартымды етеді. Адам өзінің дене бітіміне сай киімді таңдап, талғап киюі керек. Әр адамның талғамы әр түрлі. Киім таңдауда киімнің матасы, сапасы, түсі, өлшемі маңызды рөл атқарады. Біреулер үстіндегі киімдердің бос болғанын қаласа, енді біреулер киімнің денеге жақын болғанын қалайды. Сонымен қатар, таңдау жасауда киім стильдеріне де көңіл бөлген жөн. Негізгі стильдер: классикалық, романтикалық және спорттық болып бөлінеді. Қалған стильдер осы үлгілердің негізінде пайда болған.
«Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ» деген мақал баршаға белгілі. Жарасымды киім адамды өз ортасында тартымды етеді. Адам өзінің дене бітіміне сай киімді таңдап, талғап киюі керек. Әр адамның талғамы әр түрлі. Киім таңдауда киімнің матасы, сапасы, түсі, өлшемі маңызды рөл атқарады. Біреулер үстіндегі киімдердің бос болғанын қаласа, енді біреулер киімнің денеге жақын болғанын қалайды. Сонымен қатар таңдау жасауда киім стильдеріне де көңіл бөлген жөн. Негізгі стильдер: классикалық, романтикалық және спорттық болып бөлінеді. Қалған стильдер осы үлгілердің негізінде пайда болған.
Киімнің романтикалық стилі керемет, талғампаз көріністі білдіреді. Нәзік көйлек, гүлді шілтер, желбіреген етек-жең, кішкентай сөмке және бас киімдер – романтикалық киім үлгісінің көрінісі.
Спорттық стильді спортқа арналған киімдер деген қате түсінік қалыптаспау керек. Қалпақтар, футболкалар, жейделер, шалбарлар, кроссовкалар, рюкзактар – бұл осы стилистикалық бағыттың негізі.
Кэжуал – бұл әлемдегі көптеген сәнгерлер арасындағы әйгілі стилистикалық бағыттардың бірі. Қазақ тіліне аударсақ, «күнделікті» деген мағынаны білдіреді. Бұл киім үлгісінде адам өзін жайлы сезінеді. Киімнің негізгі элементтеріне мыналар жатады: джинсы, көйлек, футболка, жемпір, кроссовки, қарапайым ыңғайлы аяқ киім, т.б. Голливуд жұлдыздары жұмыс күндері осындай үлгімен жүргендіктен бұл стильді кейде американдық деп те атайды.
Этно стильде әр түрлі ұлттардың ұлттық ерекшеліктерін білдіретін белгілері болады. Бұл стиль 1976 жылы Ив Сен-Лоранның арқасында танымал болды.
Бохо – бұл музыкалық фестивальдердің, бостандықты сүйетін және шығармашылық адамдардың стилі. Бұл үлгінің өзіне тән белгілері: жұмсақ табиғи маталар, бас киімдер, үлкен көзілдіріктер, ковбой стиліндегі етіктер, ұзын тізбектердегі зергерлік бұйымдар, металл белдіктер, әшекей белбеулер.
Сафари стилі 60 жылдары пайда болды. Бұл саяхатқа арналған киім үлгісі. Негізінен тропикалық әскери киім элементтерін негізге алады. Киімнің түсі құм реңктес және көптеген қалталар қосарлана тігіледі. Символдық атрибуты – жиегі кішкентай жеңіл қалпақтар.
Қорытындылай кетсек, осындай киім стильдері адамдардың сәнді әрі талғаммен киінуіне мүмкіндік жасайды.
«Терек – жапырағымен, денең – шүберегімен сұлу»
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»
«Еңбексіз күнің жоқ»
Answers & Comments
Ответ:
(ЕҢБЕКСІЗ КҮНІҢ ЖОҚ) ДҰРЫСЫ