Айбатыр Сейтақ «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң». 5-сабақ
Мәтін стилін анықта.
Ата заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры
Қандай мемлекет болмасын міндетті түрде оның болмыс-бітімін, ішкі-сыртқы саясатын айқындайтын, мүдделері мен меншігін қорғайтын негізгі заңы болады.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, 1993 жылы 28 қаңтарда тұңғыш Конституциясын қабылдады. Осы Ата Заң аясында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін әр салаға қатысты көптеген заңдар қабылданды. Кейіннен, бүкілхалықтық референдум арқылы 1995 жылғы 30 тамызда бүгінгі Конституциямызды қабылдадық.
Меніңше, бүгінгі Коституциямыздың басқа Конституциялардан артықшылығы, ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық» дейді.
Ел заңды, өз құқықтарын білу үшін заман талабына сай шығарылып жатқан заңдарды мұқият әрі зерделей оқуы керек. Өз құқықтық білімдерін үнемі жетілдіріп, басшылыққа алып отыру қажет. Сонда ғана заңсыздықтардан зардап шекпейді, өзінің құқықтары мен бостандықтарын кез келген орында қорғай алады.
Кейде заңды білмегендіктен батыл әрекет жасамай, жалтақтап отыратын кәсіпкерлер де кездеседі. Заңды белінен басатындар да бар. Адамның алаңсыз еңбек етуіне кедергі келтіретіндердің заңға сыйыспайтын әрекеттері заңмен жазаланады. Ал еңбек етемін дегендерге заңда берілген еркіндік өте мол.
публицистикалық стильде
ғылыми-көпшілік стильде
ресми іс қағаздар стилінде
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.