АЙТЫЛЫМ 7-тапсырма. Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» романы бойын- ша түсірілген «Отырардың күйреуі» фильмін көріңдер. Мәтіндегі ақпаратпен салыстырыңдар. Фильм бойынша пікірталас өткізіңдер Пікірталасқа қойылатын талаптар: тақырыптан ауытқымау; регламент сақтау; сөз әдебін сақтау; дұрыс сөйлеу; өзіндік ойы мен көзқарасын жүйелі түрде жеткізу
Answers & Comments
Дүкенбай Досжан (09.09.1942) – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың (1996), Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты (1987).
Алғашқы өлеңі 15 жасында жарық көрді. Содан бері 8 роман, 18 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазды. Күн сайын қаламға жүгіну мінезіне, сөзбен сурет салу кәсіби шеберлігіне айналған. Д.Досжан “Отырар”, “Фараби”, “Жібек жолы” шығармалары арқылы “тарихи тақырыптың пионері” (М.Шаханов) аталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің алпыс жылдай жабулы архивіне алғаш енген Дүкенбай Досжан нәтижесінде сот құжаттары желісімен “Абақты” (1992) және желтоқсан қырғынының қанды ізімен “Алаң” (1993) дерекнама кітаптарын жазды.
Зерттеушілер Д.Досжан шығармашылығын үш салаға бөліп талдап жүр. Бірінші: көне ғасыр қойнауынан ер түрік аруағын көтерген 60-шы жылдар басындағы тарихи кітаптары. Бұған “Жібек жолы”, “Отырар”, “Фараби” шығармалары жатады. Екінші: бодандық бұғау мен шенеуніктер езгісі зардабынан мінез экологиясына ұшыраған өмірі зая ұрпақтар образдарының галереясы “Зауал”, “Дария”, “Табалдырығыңа табын”, “Жолбарыстың сүрлеуі”, “Кісі ақысы” кітабынан табылады. Үшінші: ғажайып адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен сериялар тобына “Мұхтар жолы” (1988), “Абай айнасы” (1994), “Алыптың азабы” (1997) атты кітаптары енеді. Дүкенбай Досжан дүниесі суретпен, ешкімге ұқсамас өзіндік бояу-белгімен көреді; оқиғаны ой ағыны, кейіпкердің жан толғанысы, сезім шырғалаңы арқылы суреттеуге машық.
Әдебиетшілердің әр жылдарда жазушыға қаратып айтқан: “Қазақ әдебиетінің шежіреші Бальзагі” , “адам жанының қилы қатпарына еркін бойлап бара алатын, көзіне шалынған түймедейден түйедей ой түюге кәнігі автор бір шығармадар келесі шығармаға үнемі баспалдақтап өсумен келеді”, “архивпен жұмыс істеуге, ғажайып адамдар ғұмырын зерттеуге көз майын сарқып, сұқ саусағы сүйелденген ізденімпаздығына тәнтіміз” деген пікірлері кітапсүйер қауымға кеңінен мәлім.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/retailing/view/423