Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орын алады? / Қазақстан жерінде нелер бар? / Зайсан көлі мен Тарбағатай таулары Қазақстанның қай аймағында орналасқан? /
/ Қазақстанның батысында не бар? / Неге Қазақстанды «қызғалдақтың отаны» деп атайды? / Алакөлдің суы қандай? ( 6 балл)
Тыңдалым мәтіні: (2 рет оқы)
Ұлы дала табиғаты
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады. Қазақстанның байтақ жерінде таулар да, өзендер де, көлдер де, теңіз де, далалар да, ормандар да бар. Қазақстан табиғатында фауна мен флора әртүрлі.
Қазақстанның шығысында Зайсан көлі, Тарбағатай таулары бар. Бұл жерлер өте көрікті. Зайсанның суы мөлдір. Көлді қарағайлы орман қоршап тұрады. Тарбағатай тауларында жан-жануарлар мен дәрілік өсімдіктер көп. Қазақстанның батысында Каспий теңізі жатыр. Теңіздің суы тұзды, бірақ пайдалы. Теңіз суында йод көп. Қазақстанның барлық аймақтарында көктемде қызғалдақтар шығады. Қазақстан – қызғалдақтың отаны. Қазақстанда қызғалдақтың 200-ге жуық түрлері бар. Алакөл мен Бурабайды барлық қазақстандықтар мен туристер жақсы көреді. Алакөлдің суы денсаулыққа пайдалы, ал Бурабайдың ауасы астма ауруын емдейді. Осындай пайдалы және көрікті орындар Қазақстанның барлық аймақтарында бар. Бұл – табиғаттың сыйы. Біз табиғатты қорғауымыз керек.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.