Қаланың қарбаласы түсінікті… Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апылғұпыл киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады: «Ана бір бос орынға отырыңыз!». Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қалмады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна ауасымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!…
Осы жерден бұйрықты және хабарлы сөйлемдерді тауып беріңіздерші
Answers & Comments
Ответ:
Кез келген ортаның өз бағынатын заңы не мәдениеті болады. Театр – нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау – әбестік. Сонымен, сіз сақтауға тиіс 10 қағида: Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Егер жағдайыңыз келіп жатса, билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс. «Қазақпыз ғой, кешікпейік десек те, кешіге береміз» деген сылтауды қойып, ертерек қимылдаңыз. Өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіріп келіңіз. Үстіңізге гардеробыңыздағы ең әдемі деген киіміңізді киіңіз. Әрине, киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз. Барынша өзіңізді жайлы сезінетіндей киім түрін таңдағаныңыз жөн.
Объяснение: