kbds123
Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы он тоғыз жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді. «Ширатып жанды шынайы шешен лебізің, «Қазақ жігітін қарашы, шіркін!» дегіздің. Ұлы халқыңды төрткөл дүниеге танытып, Келесіз қалап жаңа қоғамның негізін» - деп жерлесіміз А.Көпжасарова жырлағандай, Нұрсұлтан Әбішұлы - жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер. Қазағым сіздей ұлмен бақ тапқасын, Ақының неге сөзін сақтап қалсын, - деп ақындар жырына арқау болған, қазір әлем мемлекеттері тарихын зерттеушілердің назарын өзіне аударып, өткен жылғы шілде айында ағылшын жазушысы және публицисі, саяси биограф Дж.Айткен мырзаның «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» атты кітабын жазып, Лондонда оның тұсаукесерін өткізгені Елбасымыздың, шын мәнінде, біртуар азамат, елін ұлы көшке сүйреген көшбасшы екіндігінің айқын дәлелі. Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады.
Answers & Comments