Александрия шамшырағы
Мәтін мазмұнына сай ақпаратты тап.

Александрия шамшырағы
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады.
Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған.
Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған зуәлім мұнара үлкен шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған.
Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Ол жүздеген жылдар бойы түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмаудан сақтандырып тұратын.
Ақырында Александрияны арабтар басып алған соң, қала құлдырап, кеме тоқтайтын жер ми батпаққа айналды. Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербелісі салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған. 1700 жыл бойы тұрған Александрия шамшырағы осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып есептелінді және ол әлемнің жеті кереметінің бірі ретінде тарихтың еншісінде қалды
жауаптары суретте.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.