zhexenbekov
Алматыны көрген де арманда, көрмеген де арманда! Талайды тәнті етіп, жүректерден ерекше орын алған сұлу шаһарымыздың 1000 жылдық мерейтойына орай бүгін ұлан асыр той жасалып жатыр. Иә… сонымен, Алматы шаһары 1000 жылдық мерейтойын атап өтуге дайын. Бірақ ол айтулы мереке үстіміздегі жылдың қай айында, қай күні болары әзірге беймәлім. Қалалық мәдениет басқармасының бас маманы Данияр Әлиевтің мәліметіне қарағанда, Алматы әкімдігінің атынан ЮНЕСКО-ның бас штабына жазылған арнайы қарар бар. «Алматыға – 1000 жыл!» деген ұлы дүбірге қатысты мәселе оң шешіліп қалар деген үміт те жоқ емес. Демек…
Осыған орай Алматы аспанға отшашу атылар күнді лайықты қарсы алуға тас түйін әзір екенін білдіріп те қойды. Күні кеше қаланың 1000 жылдығына орайластырып жарияланған бір айлық байқаудың жеңімпазы анықталды. Шаһардың он ғасырлық мерекесін айшықтайтын лайықты логотип авторы алматылық суретші Елена Майданова 1 миллион теңге сыйақыны жеңіп алды. Алдағы күндері қала көшелері мен алаңдарынан ойып тұрып орын алатын кескіндеме сурет ұзын-саны 123 жобаның ішіндегі ең үздігі деп танылды. Сарапшылар бұл суретке көне түркі заманындағы руникалық белгілері үшін басымдық бергенін жасырмайды. Алматы апортының ғажайып кескіндемесі өзге белгілермен жарасымды үйлескен деген тұжырым жасалғаны да баршаға жария етілді.
Answers & Comments