Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады. Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың сұранысы да артуы әбден мүмкін.
1.Мәтіннен ең маңызды 3 тірек сөзді теріп жазыңыз. 2.Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
А) Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен
В) жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.
3.Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өз ойыңызды сөйлем құрау арқылы білдіріңіз.
Тұрақты тіркестер: 1) үш ұйықтаса түсіне кірмеген, 2) көздің жауын алатын, 3)қас пен көздің арасында
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1.Мәтіннен ең маңызды 3 тірек сөзді теріп жазыңыз.
Технология, бактерия, жаңа әдіс.
2.Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда.
Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.
Қас пен көздің арасында түрлі жаңа әдістер мен технологиялар пайда болуда.