Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.
Қан тобын анықтау.
Қан тобын анықтау. Қан, қан компоненттерін, препараттарын құю трансфузиология деп аталады. Қазіргі таңда қан құю ағзаларда алып салу шарасына теңіліп, қан құюға қөрсетпелер ретінде қатаң қойылады. Қан тобы эритроциттерде және плазмада топтық антиген мен антиденелердің барлығына байланысты, яғни агглютиногендер А және В, агглютининдер α және β. І (0) топ қаны бар кісілердің эритроциттерінде А және В агглютиногендер жоқ, плазмасында β агглютининдер бар. (ІІ) А тобында эритроциттерде А агглютиноген, плазмасында β агглютинин бар. (ІІІ) В тобында эритроциттерде В агглютиноген, плазмасында α аглютинин бар. (IV) АВ тобында эритроциттарда А және В агглютиногендер бар, плазмасында α және β агглютининдер жоқ. Антигендер біратты агглютинендермен агглютинация реакциясына кіріседі. Бұл кезде эритроциттер жабысып гемолиз жағдайы дамиды. Сондықтан организмде бір атты, яғни А мен α және В мен β кездеспейді. Қан тобын анықтауға керекті құрал-жабдықтар.
1. Стандартты изогемагглютинациялаушы сарысулар: О (І) (мөлдір түсті), А (ІІ) (көк түсті), В (ІІІ) (қызыл түсті) екі сериялы. 2. Стандартты сарысу АВ (IV) (сары түсті) қосымша бақылау үшін қолданылады. 3. О (І), А (ІІ), В (ІІІ) қан топтарының стандартты эритроциттері. 4. Ақ фарфорды қан тобын анықтауға арналған 7 ойықшасы бар Петри тарелкасы. 5. Пипеткалар 7 дана. 6. Шыны таяқшалар және предметті шынылар. 7. Натрий хлоридының изотониялық ерітіндісі. 8. Зарасыздандырылған скарификаторлар. 9. Құмсағат. 10. Спирт. 11. Зарасыздандырылған мақта шариктар. 12. Йод тұнбасы. 13. 3 % хлорамин ерітіндісі. Ыдыс № 1 және 2. Қан тобын анықтау ережесі. 1. Қолдарды жуып, қолғаптар киіңіз. 2. Қан тобын анықтайтын тарелкаға науқастың аты жөнін жазыңыз. 3. Науқастың 4-саусағын спиртпен өңдеп, зарасыздандырылған скарификатор мен тесіңіз. Бірінші тамшысын сүртіп тастаңыз. 4. Резиналы грушасы бар шиша капиллярмен саусақтан қан алып 1 кіші тамшыдан тарелкаға 1 санының астына 1 тамшы, 2 санының астына 1 тамшы және 3 санның астына 1 тамшы тамызыңыз. Барлығы болып үш тамшы болады. 5. Әр топқа арналған бөлек пипеткамен 1 қан тамшысының жанына І топ сарысуын, 2 тамшының жанына ІІ топ сарысуын, 3 тамшының жанына ІІІ топ сарысуын 1:10 есебінде тамызыңыз, яғни, сарысу мөлшері қан мөлшеріне қарағанда 10 есе көп болуы керек. 6. Әрбір топқа бөлек шиша таяқша алып араластырыңыз. 7. Сағатқа қарап 5 минут күтіңіз. Сол кезде тарелканы қолыңызға алып шамалы қайқап тұрыңыз. 8. Сонан соң әр қайсы топқа 1 тамшыдан натрий хлоридының изотониялық ерітіндісін тамызыңыз. 9. Егер агглютинация реакциясы (агглютинация реакциясы бұл эритроциттердің жабысып тарелкада тұнба, жапырақша, құм тәрізді болып байқалуы) еш қайсысы тамшыда жүрмесе бұл қанда А және В агглютиногендер жоқ және О топ болып табылады. 10. Егер агглютинация реакциясы 1 және 3 тамшыда байқалып, 2 тамшыда болмаса, бұл қанда А агглютиногены бар және А (ІІ) топ болып табылады. 11. Егер агглютинация реакциясы 1 және 2 тамшыда жүріп, 3 тамшыда байқалмаса, бұл қанда В агглютиногены бар және В (ІІІ) топ болып табылады. 12. Егер агглютинация барлық үш топтағы сарысулармен жүрсе, бұл қанда А және В агглютиногендер бар. АВ (IV) топ болып табылады. Бірақ бұл кезде АВО (IV) топ сарысуымен реакция жүргізу керек. Бұл кезде агглютинация реакциясы АВО (IV) топ сарысуымен жүрмейді. Қан тобын анықтағанда болатын қателер. 1. Аглютинация реакциясы жоқ болған кезде оны бар деп санау. Бұл жағдай сарысумен қан тамшысының кеуіп кетуінде, бөлмеде салқын болса (температура 12 С төмен болса) байқалады. 2. Аглютинация реакциясы бар болған кезде оны жоқ деп санау. Бұл жағдай үлкен қан тамшысы алынса, сарысулардың титрі мен белсенділігі төмен болса (нормада 1:32 немесе 1:65 болуы керек), бөлмеде ыстық болса (температура 28 С жоғары болса) байқалады. Қателіктердің алдын алу. 1. Жаңадан дайындалған сарысуларды қолдану, жарамдылық мерзімін тексеру.
Answers & Comments
Ответ: