Ана жайлы ойыңды айтып тауысу мүмкін емес. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана- кімнің де болса өміріндегі ең жақын адам. Мен бақыттымын, себебі анасы бар адамдар – өмірдегі ең бақытты жандар. «Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды » деген сөздің мәнін терең ұғынып келе жатқандаймын. Анаң бар кезде , қай жаста болсаң да анаң үшін сәби болып қала береді екенсің… Кейде анасы жоқ балаларды көргенде көңілім бір түрлі құлазып қалады. Кез – келген адамның жан дүниесі алдымен ана жүрегінің жылуынан басталмай ма ?! Бойымыздағы жақсы қасиеттер де алдымен анамыздың ыстық құшағынан, жұмсақ аялы алақанынан таралмай ма ?! Аналық махаббат пен жан жылуын сезінбей өскен балалардың қатал тағдырына кейде аяушылықпен қараймын.
Answers & Comments
Ответ: