Мәтінге тақырып қой /1 балл/



ТЫҢДАЛЫМ

Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болған. Ауыл — адамзаттың өмірге келген жері. Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Ауыл түлесе – қазақ түлейді. Өйткені, ауыл мен қазақ ажырамас ұғымдар. Туған жер – әркімнің қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің тү¬бінде сақтайды» деп жазады ол.

Игі жақсының барлығы осы ауылдан шығады емес пе? Ақын-жазушыларымыз да, сазгер, күйшілеріміз де, аты аңызға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан.

Ауылдың үй ішінде өте қызық. Ас ішіп болған соң, ауыл балалары әжелеріне құрт-май жасауға көмектеседі. Аталары болса жылқыларды ерекше күтіп баптайды, таңғы асын іше салып немерелеріне атта отыруды үйретуге ауылдың шетіне барады. Шіркін, қысқы демалыста онда тіпті қызық. Ауылдың артезиан суларынан аққан сырғанақтарда бастауыш сынып оқушылары көңілдерін көтереді. Шанамен сырғанап, қар атысып ойнайды.

Ауыл – ырыс-береке мен мерекенің құт мекені, ынтымақтың отаны.





1. Мәтінге тақырып қой /1 балл/

________________________________________________________________________________

2. Мәтіндегі ең маңызды 3 тірек сөзді жаз /1 балл/

________________________________________________________________________________

3. Кестедегі ақпараттың дұрыс (+) немесе бұрыс (-) екенін анықта /3 балл/



Ақпараттар Дұрыс + Бұрыс -

Ауыл барлық халықтың анасы

Көшпелі қазақ халқының мекені – ауыл болмаған

Ауыл – ырыс-береке мен мерекенің құт мекені болып саналады

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.