97b
Қар көшкіні– тау шыңдары мен беткейлеріндегі қар және мұздықтардың қозғалуы, төмен қарай сырғуы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады. Жекелеген қар көшкінінің көлемі 2 млн м3ге жетеді. Ұру күші 1 .м2ге 60— 100 тонна. Қар көшкіні құлағанда пайда болатын әуе толқыны қауіпті.
Answers & Comments