Amangazybilal00
Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай ауылынан шығысқа қарай Ақмешіт ғибадатханасының оңтүстік-батысында Құлшаната бейітіне таяу орналасқан.1989 ж. Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі З.Самашев) ашқан. 1999 ж. алғашқы зерттеу нәтижесінде үш зират қазылды. Бұрын тоналған алғашқы екі зираттан мәйіт қаңқалары мен шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары табылды.Қорымның үш зираты тоналмаған. Зират түбіне шалқасынан, басы оңтүстікке қаратып жатқызылған мәйіттің жанынан жүзден аса жебе салған қорамсақ, қыш құмыра және темір қылыш табылған. Бұл ескерткіштің құндылығы – бұрын-соңды сарматтар дәуірінің (б.з.б. 4 – б.з. 2 ғ-лар) ескерткіштерінде қылыш емес, тек семсер мен қанжарлар ғана табылатын, ал қылыштың пайда болу кезеңі Еуропада аландар кезеңімен (4–5 ғ-лар), ал Азияда көне түркі тайпаларының әскери істерінің дамуымен байланысты қарастырылатын. Демек, қайқылау қылыштың шығу кезеңі біраз тереңдетіліп, оны аландар емес, осы көне Атырау өңірінде өмір кешкен сармат тектес халықтардың тарихымен тікелей байланыстыруға мүмкіндік туып отыр. Үшінші қазылған зиратта сарматтар қоғамында жоғары лауазым иесі, қолбасылық пен абыздықты қатар атқарған адам мен оның әйелі және екі аты қоса жерленген. Тоналғанға дейін жерленген адамдардың киім-кешегі өте бай асыл бұйымдармен, көркем әшекейлермен безендірілген, қару-жарақтан басқа абыздың асатаяғы, т.б. болған.[1]
16 votes Thanks 11
oringul650107
чегоаааа правильно но долго займёт даже 1 год ааааа
Answers & Comments