Ұлы Отан соғысы – өткен жиырмасыншы ғасырдағы ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы алапат соғыс. Ал, Ұлы Жеңіс – ұлы мереке. Әрине, әрбір мерекенің өз орны болатыны белгілі. Бірақ Жеңіс мейрамының орны ерекше екенін терең ұғынуымыз керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында “Ардагерлерге қамқорлық” деген арнайы бөлім бар. “Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата”, – деген болатын Президентіміз. Міне, “Біз жеңдік!” деп сүйіншілеген күнге де 65 жыл толып отыр. Қаһарлы, қатал қаншама айлар бойы қаһармандықпен соғысқан миллиондаған адамдардың қатарында қазақ жерінің түлектері де ерлікпен шайқасты. Бауыржан Момышұлы айтқандай, қазақтар және барлық қазақстандықтар фашизмге қарсы соғыста нағыз батырлықтың үлгісін көрсете білді. Оңтүстік Қазақстан облысынан Ұлы Отан соғысына 140 мыңдай адам аттанған болса, солардың жартысына жуығы туған жерге оралмады. Оңтүстікқазақстандықтар қатарынан 51 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Сегіз адам Даңқ орденінің толық иегері атанды. Содай-ақ шардаралық соғыс ардагері М.Қалмырзаевқа Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай “Халық қаһарманы” атағы берілген болатын. Ұлы Жеңістің 65 жылдығы мерекесін жоғары деңгейде атап өту үшін, ардагерлерді ардақтау мақсатында бүкіл кең-байтақ Отанымыздағыдай, Оңтүстік өңірінде де жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары” бекітілген еді. Осы жоспарды жүзеге асыру қызу қолға алынды. Облыстық және аудандық, қалалық комиссиялар құрылып, нақтылы жұмыстар жүйелі және тынымсыз атқарылды. Облысымыздың әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақта Даңқ мемориалы салынып, онда облыстан соғысқа аттанған 140 мыңға жуық майдангердің аты-жөні қастерленіп жазылды. Осыншама есімдерді анықтау, енгізілмей қалып қойғандарды қосу, әрине, көп-көп күш-жігер мен ізденісті, ерінбес еңбекті талап еткені түсінікті болса керек. Даңқ мемориалы кешенінің құрылысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Кешен құрамына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған бұрынғы ескерткіш және Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарға орнатылған құлпытастар тізбегі күрделі жөнделіп, үйлестіріле енгізілді. Мемориалдың мән-мазмұнына, айнала-төңірегінің көріктендірілуіне, жалпы бір кездері талан-таражға түсіп кете жаздаған Абай саябағының сапалы жөнделіп, саналарға сәуле шашыратып тұрғанына барша жұртшылық, ардагерлер де, жастар да алғыс сезімдерін білдіруде. Қазір облысымызда сұрапыл соғысқа қатысып, аман оралған 1412 ардагер, майданда қаза тапқан жауынгерлердің 87 жесірі, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің 1369 жесірі және 26 мыңан астам тыл ардагері бар. Осылардың бәріне де жан-жақты қамқорлық көрсетілуде. “Ардагерлеріміз –ардақтыларымыз” деген девизбен ешқайсысының да назардан тыс қалмауын көздеудеміз. Ардагерлерді құрметтеу – баршамыздың парасатты парызымыз. Біле білсек, бүгінгі бақытты өмірге жеткеніміздің өзі – сол аға ұрпақтың, ардагерлеріміздің арқасы. Фашизмге қарсы күрескен барлық елдерде дерлік Жеңіс мерекесіне айрықша мән берілуде. Мәскеуде өтетін мерекелік шеруге біздің облыстан екі ардагер қатысады. Астана қаласындағы салтанатты сапта 15 ардагеріміз жүретін болады. Олардың бәрі де дәрігерлік тексеруден өткізілді. Бірыңғай формадағы арнайы киімдермен қамтамасыз етілді. Жолға, тағы басқа да жағдайларға қажетті қаржылары жеке шоттарына аударылып , өзге де қамқорлық шаралары жасалды. Облыста тұратын барлық соғыс ардагері медициналық тексеруден өткізілді, тұрақты түрде дәрігерлік көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, тыл ардагерлері мен қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері де денсаулық жағынан жан-жақты бақылауға алынған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында 27 ардагер тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Олардың арасында Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауымбаев пен Даңқ орденінің толық иегері Қарабай Қалтаев бар. Батырларға пәтер кілттерін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың өзі тапсырды. 400-ден аса ардагердің тұрғын үйлері жөндеуден өткізілді. 1549 ардагерге коммуналдық қызмет ақысын төлеуге жеңілдік жасалған. Ал 1671 ардагер санаторийлар мен ку
Answers & Comments
Ответ: