Аримаспы (лат. Arima- "жалғыз", лат. spi - "көз") - жартылай аңызға айналған тайпа.Алғаш рет бұл туралы грек тарихшысы Геродот дерек берген. Ол "патша скифтерінен" бөлініп шығып, қазіргі Қазақстанның солтүстік-шығысын мекендеген иирка мен басқа да скифтер туралы әңгімесін аяқтайды да, Асседон тайпасы жөнінде баяндауға кіріседі. Оның шығысында "жалғыз көзді" Аримаспы, онан әріректе "алтын қорыған самұрықтар" турады дейді.
Б.з.б. 5 ғасырдың ортасында Аримаспы батысқа қарай көшіп, Исседонды ығыстырған, ал исседон скифтерді қудалап, скифтер киммериялықтарды Оңтүстік теңіз (Қара теңіз) жағалауындағы ежелгі жерлерінен түріп шыққан.
Жалғыз көзді" Аримаспы жайындағы әңгімені бүкіл грек-рим жазушылары қайталайды. Оларша, бұл аңыз болмай, шындық болып көрінген, демек, сол тайпаға тәң этнографиялық ерекшелікті білдірген. Бұған қарағанда, сол тайпаның "жалғыз көзді" атануы адамдардың бет-жүзін жартылай бояп немесе татуировкалап (таңба салып) жүруінен болуы мүмкін. Олар мұны қасиетті, игі ниетті болып көрінуі үшін істеген. Мұндай әдет франкиялықтарды, дактар мен сарматтарда, ағатырларды, Енисейдің ежелгі қырғыздарында кең тараған.
Бұл ғұрып 17 ғасырдағы Енисей уезі тұрғындары туралы орыс документтерінде де кездеседі. Жергілікті әскери басшысының мына жұрт неге "жалғыз көзді" деген сұрағына олардың бір жақ беті көмірмен бояғандықтан бір көзі көрінбей тұр деген жауап болған.
Аримаспы шығыста Байкал көліне дейінгі жерді алып жатқан гиперборейлермен және "алтын қорыған самұрықтармен" Енисей алабы шектескендіктен, олардың мекенін Солтүстік Алтай деуге болады.
Answers & Comments
Ответ: