Қазақ қашанда қарттың сөзіне тоқтап, ақылын тыңдап, тәрбиесімен сусындап өскен. Қариясын қазынасындай көріп, даналықтың алтын кілті ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз деп білген. Себебі «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген аталы сөз бар. Қариясы бар әрбір шаңырақтың шаттығы сақталады, бірлігі бекем болып, ақылшысы да бола алады. Бәріне белгілі, ата-әжесі бар үйдің балалары өзгеден ерек, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп, аталы сөзді баталы сөз деп өседі. Немере үшін үлкеннің маңдайдан иіскеп, үнемі тілекші болып, қуанышына жас балаша мәз болғанынан, ата-әжелер үшін немерелерінің «аталап», «әжелеген» былдырына жетер ештеңе жоқ.
Ақылын айтар дана, ел төрінде құрметке ие болатын қарттың көзін мен де көріп өскенмін. «Әженің қызы» болдым десе де болады. Атамның көзін көрмесем де, оның тәлім-тәрбие берген ұлағатты ұстаз болғанын ел арасынан да, әжемнен де көп еститінмін. Сондықтан болар, үлкен кісілерді көрсем көзіме жылы ұшырап, ақылдары мен даналық сөздерін тыңдағым келіп тұрады. Бірақ осынау дана тұлғалардың бүгінде шаңырағында емес, «қарттар үйінде» тіршілік етіп жатқаны жанға батады.
Answers & Comments
Ответ: