Қарсы қарап қатал мынау заманға,
Айналдық біз қайтпас, қайсар қамалға.
Алды бүгін тәуелсіздік тау, тасым,
орман, көлім, далам менен балам да! " деп жырлауының себебі неде?
Өз ойыңызды 70-90 сөз көлемінде эссе түрінде жазыңыз.
.
Көмектесіңдершіі өтініш!! ❤❤❤
Answers & Comments
Автор бұл өлең жолдарында Тәуелсіздікті ту еткен ел жайлы жазған. Тәуелсіздік - әр елдің ең бағалы қазынасы. Ол елімізге оңай келген жоқ, оған қол жеткізу үшін талай қиын-қыстау шақтарға төзіп, қатал заманға қарсы тұра білдік. Ақырында сол еңбегіміздің ақталғаны ма, егемендігімізді алып, тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылдық. Енді сол ақ білектің күшімен ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.