Бұғы шаруашылығы – бұғы өсірумен айналысатын шаруашылықтың бір саласы. Бұғы (марал, теңбіл бұғы) мүйізінен дәрі жасалады, сондай-ақ еті, терісі пайдаланылады. Солтүстік Бұғы шаруашылығы (солтүстік бұғыларды өсіреді) және панталық Бұғы шаруашылығы (теңбіл бұғылар, марал, изюбрь өсіріледі) болып бөлінеді.Солтүстік Бұғы шаруашылығы Ресейде, Финляндияда, Швецияда, Норвегияда, Канадада, АҚШ-та (Аляска), ал панталық Бұғы шаруашылығы Ресейдің Алтай, Красноярск, Приморье өлкелерінде, Қытайда, Кореяда, Моңғолияда, Қазақстанда дамыған. Қазақстанда бұғылар 19 ғасырдың басынан қолда өсіріледі. Катонқарағай ауданында 8 бұғы өсіретін шаруашылық ұйымдастырылған. Онда 11300 марал өсіріледі (1999). Мұндағы бұғылар жазда арнайы темір сыммен қоршалған кең алқаптарға жайылады, қыста қыстауларда бағылады. Жас төлге арналып жеке қора салынады.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
Надеюсь помогла