Ответ:Бейсенбі күні Ашғабадта Орталық Азия және Каспий бассейні аймағындағы қарусыздану проблемалары жөніндегі халықаралық конференция болып, оның жұмысына ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қатысты.Конференция жұмысын Түркіменстанның Сыртқы істер министрі Рашит Мередов ашып, жүргізіп отырды. Алдымен ол Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовтің конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзін оқып берді. Онда Түркіменстан басшысы осынау форумның әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға үлес қосарына сенім білдіріпті. Форумның жұмысын дайындауға аймақтағы барлық елдердің және аса ірі халықаралық ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Бейбітшілікті сақтау жолында Түркіменстанның атқарып жатқан әрекеттері, әлемдік ұйымдардың осы бағыттағы жұмыстары, соның ішінде ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанның да өрелі бастамалары белсенді түрде қолдауға лайық, делініпті құттықтауда. Құттықтаудан кейінгі сөз БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі жоғарғы өкілі Сержиу де Куэйрес Дуартеге берілді. Ол Түркіменстанның БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-сессиясында көтерген бастамасының негізінде болып отырған осынау аймақтағы қарусыздану ісіне арналған үлкен форумның жұмысына сәттілік тіледі. Біз мұндай бастамаларды әрқашанда қолдап отырамыз, деді ол өзінің сөзінде. Әлемдік қоғамдастық осындай шаралардың көбірек болып, ғаламшардың барлық аймақтарында да қарусыздану бағытындағы әрекеттер жасалғанын қалайды. Өйткені, қарусыздану – бейбітшілік кепілі. Осыдан кейін құттықтау сөз айту кезегі ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа берілді. Ол биылғы жылы қарусыздану бағытында үлкен табыстарға қол жеткізілгенін айтты. Соның ішінде АҚШ-та болған Ғаламдық саммиттегі әлемдік лидерлердің біртектес позициясы, Ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі келісім-шарттың болжамды конференциясының үміт тудырған қорытындылары, АҚШ пен Ресей арасында ШҚҚ-3 (СНВ-3) шартына қол қойылуы – осының бәрі әлемдік қоғамдастықтың қуана қабылдаған жаңалықтары екенін атап көрсетті. Түркіменстан басшысының бастамасы да әлемдік қауіпсіздікке өзіндік үлес қосатыны сөзсіз. Біздің аймағымыз табиғи ресурстарға өте бай болғандықтан, геостратегиялық жағдайға ие бола отырып, әлемдік саясаттың маңызды аймақтарының біріне айналуда. Соның ішінде біздің аймағымыз әлемдік ең өзекті проблемалардың қиылысында екені белгілі. Бұл жерде мен Ауғанстанды қалпына келтіру, Иранның ядролық бағдарламасы және қарусыздану үдерістері ғана реттей алатын Таулы Қарабақ проблемасын айтып отырмын.
Answers & Comments