Ғарыш әлеміне жұлдыздар мен Галактикалар, олардың аралағындағы бос кеңістіктер, түрлі сәулелер мен газ шоғырлары және шаң-тозаңдар жатады. Жұлдыздар – айналаға жылу мен сәуле шашып тұратын аспан денелері. Олар Жерден өте алыс орналасқандықтан, бізге жылтыраған кішкентай ноқат болып көрінеді. Кейбір жұлдыздар Күннен ондаған, тіпті жүздеген есе үлкен. Аспан әлемінен жай көзбен қарағанның өзінде 5000-ға жуық жұлдызды көруге болады. Ал күшті телескоппен миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Адамдар жұлдызды аспанды жұлдыздар тобы- шоқжұлдыздарға топтастырады. Әр шоқжұлдызға ат берілген. Олардың бірі- Жетіқарақшы шоқжұлдызы. Ол шөмішке ұқсайтындықтан, Үлкеншөміш деп те аталады. Кіші Жетіқарақшының пішіні де шөміш секілді. Бұл шоқжұлдыздардың ішінднгі ең жарығы- Темірқазық. Саяхатшылар мен теңізшілер осы жұлдыз арқылы бағыт-бағдарларын анықтаған. Солтүстік полюс жақта орналасқандықтан, Темірқазыққа қарап солтүстікті табады.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.