Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.

«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық -поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.



1.Мәтінге тірек болатын сөздерді табыңыз.

А) «Астана Опера», президент, қорық

В) театр,опера, Астана

С) бас залы, ғимарат, әнші

Д) Мәскеу, орын, репертуар



2.Мәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін тұжырымды анықтаңыз.

А) «Астана Опера» опера және балет театрының жабылуы.

В) «Астана Опера» опера және балет театрының

белгісіз театрлардың бірі.



С) «Астана Опера» опера және балет театрын

тамашалау, мадақтау және мақтан ету.



Д) «Астана Опера» опера және балет театрына бару.



3.Оқылым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.





№ Мәтіндегі ақпараттар Шын Жалған

1 Театр өзінің алғашқы маусымын Дж. Вердидің «Аттила» операсымен ашты.

2 «Астана Опера» 2013 жылы жабылды.

3 «Астана Опера» әлемдегі үшінші опера театры.





4. Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап беріңіз.

«Астана Опера» театры кімнің бастамасымен ашылды?



5. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің _________________театрларының бірі.





Қажетті сөздер: түрлі-түсті, аса сәулетті, тамаша репертуарымен

помогите пожалуйста у меня просто СОЧ я все баллы свои отдаю только не обманывайте ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.