Аш қасқыр — кең жазықта ойналатын халықтың ең көне ойындарының бірі. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Алдымен ойынға жиылған жастар орталарынан біреуін «аш қасқыр» деп белгілейді. Сонан соң алаңның бір шетінен шеңбер сызып, оны қасқырдың апаны деп атайды. Осының бәрін орындап болған соң, ойыншылар өздеріне басқарушы етіп бір ойыншыны тағайындайды. Қалған ойыншылар басқарушының артынан тізіліп тұрады да бірінің белдігінен бірі ұстасады. Ойын басталады. «Аш қасқыр» шабуылға шығады. Ойын басқарушы екі қолын жайып, оның қарсы алдынан шығып, кес-кестеп, бөгет жасайды. «Қасқыр» қайтсе де «қойларды» ұстауға тырысады. Егер бұл «аң қасқырдың» қолынан келсе, ұстаған «қойларды» өзінің апанына «апарады», олар сол «апанда» ойын біткенше қала береді. Ойын соңғы ойыншыға дейін ойнала береді де, қайта басталады.
Answers & Comments