Әуелі өзіміз түсінген ауыспалы мағынасына мән беріп көрелік. Ол үшін алдымен қасқырды кімге балап отырғанымызды анықтап алайық. Анықтайтын түгі де жоқ. Ол: жемқор басшы; аты әйгілі ұры; бәлеқор; өсекші… Осылай жалғастыра беруге болады. Бұл – көпшілікті алаңдатқан күмәнді іс-әрекетке жауапты болуы мүмкін «аузы қан» адамдар тізімі. Енді олардың кім болуы мүмкін екендігі оқиға барысына қарай сараланады. Жарайды, солай-ақ болсын. Бірақ бұл жерде де олар аузының жесе ғана қан болатыны белгілі ғой. Бірақ жемеген жағдайда оларды қалай күстәналауға болады? Жауап айқын. Себебі, сенім жоқ.
Мақалдың тура мағынасын да осылай түсінуге болады. Алайда көңілде күмән қалмас үшін мәселе мәнін ашып алайық. Ол үшін қораға қасқыр шапқандығы күмән туғызбауы керек. Ондай жағдайда қасқыр аузының қан болатындығын жоққа шығара алмайсың. Ал жемесе ше? Солай бола тұра қасқырға неге кінә артылады? Жауап айқын. Ол – жау. Оның үстіне қорадағы қой басы күн санап кеміп барады. Соған орай жоғалған мал да қасқыр жеген мал есебіне жатқызылады. Оның аузының барлық кезде қан болатындығы сондықтан.
Көңілде күмән қалмас үшін тағы бір сауалға жауап іздеп көрелік. Ол: «Мақалда неге қасқырдың аузы қаперге алынған?» деген сауал. Мәселен, неге арыстан емес? Бұлай десек, әлгі аузы қан ұры-қары мәртебесі асқақтап кетеді. Ал шибөрі мен түлкі негізгі мәнге үйлеспейді. Сондықтан да мақалда қасқыр орынды таңдалған. Себебі, ол – біздің нәпсіміз. Нәпсі ешуақытта бізге, біздің малымызды түгелдеуге қызмет етпейді. Оның аузының барлық уақытта қан болатындығы сондықтан. Ашқарақтығы, тойымсыздығы, бәрінен бұрын адам баласымен ымыраға келмейтіндігі де «нәпсі-қасқыр» болмысын айқындай түседі. Алайда біз «қасқыр-нәпсіні» өзіміз деп білетіндіктен мақал мәнін өзге жақтан іздейміз.
Answers & Comments
Ответ: