Ата - бабаларымыздың << Баланы жетіге келгенше тыйма , жетіден он төртке келгенше құлынша кина , он төрттен кейін құрдасындай сыйла » деп тәрбиеге арқау етуінің себебін көрсет .

Бүгiнгi уақыт талабы әр адамның өзінің көзқарасын , пікірін қорғай білуін , ойын дұрыс дәлелдей алуын қажет етеді . Демократиялық қоғамның басты белгілерінің бірі - сөз еркiндiгiнiң өріс алуы . Ол - өзiндiк ой - пiкiрi , қоғамдық көзқарасы қалыптасқан адамдарға , топтарға өзін танытуға мүмкіндік беру . Ата - бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып , « Баланы жетіге келгенше тыйма , жетіден он төртке келгенше құлынша кина , он төрттен кейiн құрдасындай сыйла >> деп , баланың ой - өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған . Сонымен қатар баланың өз ойын сауатты жеткізе алуына да көңіл бөлген . Полемикалық шеберлікті меңгеру арқылы жеке адам қоғамдық маңызы бар мәселелерді жан - жақты талқылауға қатыса алады . Ол үшін ең қажетті қабілеттер : өз пікірін дәлелдей алу , пiкiрiнiң дұрыстығына басқалардың көзін жеткiзу , сөзіне сендіру , қарсыласына тойтарыс беру . Пікірталастың басты түрлері : пікіралмасу ( дискуссия ) , ойталқы ( диспут ) , пікірсайыс ( полемика ) , ойбеліс , ( дебат ) т.б.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.