Қазақтың бала өсіру және тәрбиелеуге қатысты ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі - "ашамайға мінгізу". Бұл ғұрып қазақ арасында балалардың жас-жыныстық жағынан жіктелуін айғақтайтын тіршілік цикліне қатысты салттарының бірі. Қыз балаға тұлым қою, құлақ тесу рәсімдері өткізілсе, ер балаларды сүндетке отырғызып, айдар қойып, алғаш рет атқа мінгізу рәсімін өткізген. Мұны "ашамайға мінгізу" не "ашамай тойы", енді бір аумақтарда "ат мінгізу тойы"деп те атаған.
Баланы кез келген атқа не тайға отырғыза салмаған, оны көбіне бәсіреге берілген тайға отырғызады. Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң солын таныған соң, "сүндет тойына" немесе мектепке барғанда атасы немесе өз әке шешесі оған тай атайды немесе шілдеханаға келген туған-туыстарыжас сәбиге бір құлын атайды. Мұны "бәсіре беру" дейді. "Бәсіре" атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына "бәсіре тайым бар" деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.

Балаға арналған бәсіре аты үйретіліп, мінуге жарап тұрса, онда баланы соған мінгізеді. Салтанатты түрде үйретілген бәсіре тайға ашамай ерттелінеді. Ашамай дегеніміз баланың тайына арнайы жасалынған ердің бір түрі. Ол үзеңгісіз болады, себебі баланың бойы үзеңгіге жететіндей ұзын болмайды. Кейде бәсіре тай белгілі бір себептерге байланысты мінуге жарамаса, баланың өзімен шамалас жуас, жүрісі жайлы, әрі сыр-сымбаты жарасқан кұнан не дөнен таңдалады.
Баланың ашамайға мінгізілуі оның өмірінде тіршіліктің жаңа кезеңі басталғандығын білдіреді. Баланың рәсіміне ауыл адамдары жиналып, бала мінген аттың жал-құйрығына, баланың шапанына не баскиіміне шоқтап үкі тағып, "жын-шайтаннан қағады" дегенді білдіреді. Баланы атқа мінгізу құрметі шабандоз, желтақым жігіттерге жүктеледі. Баланы атқа мінгізіпп, белін айналдыра жұқа көрпешемен орап, қолтырмаш ағаштармен денесін ауыртпайтындай тартып таңады. Ат үстіндегі бала алақанын жайып, ауылдың батагөй ақсақалдарынан бата сұрайды. Бата берілген соң, баланың қолына аттың тізгінін, оң қолына қамшы ұстатады, аналар шашу шашып, тілектер айтады.
Осындай рәсімнен кейін көп ұзамай ашамайды тастап, ер-тоқымға мінеді. Баланы ашамайға мінгізу баланың атқа отыра білу, қолқанат болу, баланың мықты, табанды болып өсуін қамтамасыз ететін дәстүрлеріміздің бірі деуге болады.
Answers & Comments
Ответ: