Антанта (франц. Ентенте, Ентенте цордіале – “келісім”) – Англия, Франция мен Ресей мемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп аталды. Негізі 1904 – 07 жылдары қалыптасып, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Германия коалициясына қарсы 20-дан астам мемлекетті біріктірді. Антантаның құрылуы 1882 жылы Германияның басшылығымен құрылған “Үштік одаққа” қарсы жауап ретінде 1891 – 93 жылдары орыс-француз одағының жасалуынан басталды. 20 ғасырдың бас кезіндегі ағылшын-герман қайшылықтарының шиеленісуі Англияның Франция және Ресеймен қақтығысын артқа ысырды. 1904 жылы ағылшын-француз келісімі, 1907 жылы орыс-ағылшын келісіміне қол қойылды. Антанта елдері Германияға қарсы соғысқа әзірлене отырып, Италия мен Австрия-Венгрияны “Үштік одақтан” бөліп әкетуге әрекеттенді. 1-дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін-ақ Италия “Үштік одақтың” құрамында қала отырып, Антанта елдерімен байланысын нығайтты. 1915 жылы мамырда Италия Антанта жағына шықты. 1914 жылы қыркүйекте Лондонда Англия, Франция, Ресейдің арасында одақтық әскери шартқа қол қойылды. Соғыс барысында Антантаға біртіндеп жаңа мемлекеттер қосыла бастады. 1915 жылы қазанда бұл келісімге Жапония қосылды. Соғыстың соңына қарай Антантаның құрамында (Қазан төңкерісінен кейін Ресей Антантаның құрамынан шығып кеткен еді): Англия, Бельгия, Италия, Қытай, Куба, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Португалия, Румыния, Сан-Доминго, Сан-Марино, Сербия, Сиам, АҚШ, Франция, Уругвай, Черногория, Хиджаз, Экуадор, Жапония болды. Қазан төнкерісінен кейін Антанта елдері кеңес мемлекетіне қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. 1917 жылы 23 желтоқсанда Англия мен Франция Кеңестік Ресейге қарсы интервенция жасау жөнінде келісімге қол қойды. Интервенция 1918 жылы наурыз айында басталды, оған одаққа кіретін басқа елдер де белсене қатысты. Алайда Антантаның кеңес өкіметіне жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұзамай Антанта ыдырап кетті. [1]
Answers & Comments
Ответ: