«Атилла есімі адамзат тарихындағы ұлы адамдар — Александр Македонский мен Юлий Цезарьдың қатарынан орын алады». (Француз тарихшысы А.Тьеридың «Аттила тарихы» атты еңбегінен). Аттилаға көптеген елдердің тарихшылары өз еңбектерін арнаған. Европа тарихшылары «Аттила», «Атилла», «Атыл», «Аттылы», «Этцель», «Этли» деп атаған Аттила мен ол өмір сүрген дәуiрi тарихта өшпес iз қалдырып, адамзат тарихындағы ең ұлы қолбасшылардың бірі болды. Француздың 17 ғасырдағы ұлы драматургі Пьер Корнель «…Аттила есімі керемет әйгілі, бірақ жұрттың бәрі оның характерін толық көлемде білмейді. Ол күштен гөрі өзінің айлакерлігімен көптеген жеңістерге жеткен. Ол бәрінен-де өзінің қарсылас жауының күшін бөлшектеуге тырысқан. Алдымен әлсіз қарсыласына шабуыл жасап, басқа күшті қарсыласының үрейін ұшырған. Шабуыл жасап, қырып, жойып жіберіп отырған. Мұны көрген күшті қарсыласы соғыса алмаған. Сонымен бірге Аттила өз ордасында қатаң әскери тәртіп орнатқан. Өзінің қол астындағы тайпалардың басшылары мен корльдеріне ол: „Жақын туыстарыңды өлтір“ — деп бұйрық берсе-де, олар қорыққанынан амалсыз орындайтын болған…» деп сипаттап жазған. Қазіргі уақытта көптеген шетелдік ғалымдар Аттиланы Хун қолбасшысы деп сипаттап, жазуда. Мысалы:(Attila, King of the Huns:The Man and the Myth). Осы жердегі Хундар деп отырғанымыз кімдер? Хундар дегеніміз далалық ғұндардың төрт тармағының бірі, қазіргі Мажар елінің ағылшындық немесе шетелдік атауы. Хун елі немесе Мажарстан халқыныңы аңыз әңгімелеріне сүйене отырып, Раушангүл Заханқызы өз еңбектерінде Аттиланың жеке басы, соғыс өнері туралы былай деп сипаттайды: «Аттила қара торы өңді, қара отты көзді, кең кеуделі, паң жүрісті, аласа бойлы, барлық ғұндар сияқты сақалын өсірген адам еді. Көзсіз батыр емес, керіснше шайқаста айлакерлігімен көзге түсетін. Дене күші мен сымбаты бірдей болатын. Ақ көңілді, кең пейілді жан еді. Жарқыраған қаруы, жинақы шатыры ұқыптылығын көрсететін деген мәліметтер береді. Аттила, ақшасын сандығында сақтаған емес, бар, ақшаны қажетіне жұмсайтын. Қолы өте ашық береген еді, сондықтан да жат елдің ұлдары да оны жақсы көретін. Суықтығы мен қаталдығынан ғұн жауынгерлері қатты қорқатын. Ғұн патшасының көптеген салтанатты шатыры бар еді, оларды әр түрлі халықтың салттары бойынша дайындады. Қабырғалары алтынмен бекітілген бір ерекше бай шатыры бар еді. Тұтас шатырды бұзып қайта жинауға болатын. Шатырдың бағаналары алтыннан соғылып, іші бос, сырықтары мен қабырғалары қырланаған асыл тастармен безендірілген еді. Әскери жорықтардан соң Аттиланың қорасы әр түрлі елдерден түскен тұлпар аттарға толатын еді деп жалғастырады, өз сөзін Раушангүл Заханқызы. Соларды тамашалап, қызықтайтын. Қолының ашық болғандығы сонша, басқаларға сыйға көп жылқы беріп, кейде өзіне мінетін бір — екі жылқы ғана қалатын. Ат қорасын қара қошқыл барқытпен көмкерді. Патшаның тағы — алтын және қымбат тастардан үстелі және ас ішетін ыдыстары таза алтыннан жасалды. Төсегі-де таза алтыннан ас шебер жасалған еді. Алтын төсегін барлық жорықтарда өзімен бірге алып жүретін. Аттиланың өз жасағы өзге руларды есептемегенде он мәрте жүз мың әскерден тұратын. Бір ғұн мерт болса, бірден оның орнына басқа ғұнды қоя алатын. Атилланың таңбасында тәжі бар құс бейнеленген, ол құсты мажарша «турул»(бүркіт тектес құс — О.Б) деп атаған. Турул бейнеленген таңбаны мажарлар Геза билік құрған уақытқа дейін барлық жорықтарда алып, жүрді. Осындай салтанаттың ортасында Аттила, ғұндар патшасы, әлемдегі басқа патшалардан даңқты еді. Раушангүл Заханқызының мәліметінше ғұн патшасы қамалдар мен бекіністердің билеушісі болғысы, оларды қол астында ұстағысы келді, халықтарын бағындырды. Өз руымен, ғұндармен бірге өмір сүрді, шатырда өмір сүрді, шатырда тұрды. Қалалар мен ауылдарға ғұндардың соңынан ілескен халықтарды орналастырды «Мажардың тарихи, аңыздары»., Раушангүл Заханқызы, «Қазақ Әдебиеті», № 51(2732). 14.12.2001]. Европалықтардың арасында аты осыншама дүрбелең туғызған Атилланың өміріне жан — жақты талдау арқылы сараптап, көрсек. Аттиланың туылған, қаза тапқан жылдары туралы болжамдар көп. Е. С. Омаров Аттиланы 400 жылы туылған дейді[4]. Ал татар ғалымы Рафаэль Безертинов Аттиланы 434 жылы 44 жасында хан тағына отырды дейді[10]. Қарапайым арифметика 434 жылдан алсақ 396 жыл өзінен — өзі шыға келеді. .
Answers & Comments

Объяснение:Вот читайте и все поймете