Атырауда мұнайлы
Бір қыз болды шырайлы...
Білмейтұғын нәрсесін
Атасынан сұрайды.
– Ата, - деді Шырайлым,
Тағы бір сөз сұраймын:
Саябаққа барғанда
Қараймын жас талдарға.
Сыбырлайды жапырақ...
Оларда да жан бар ма?
Орынды бұл сұрағың,
Ойыңды әбден ұғамын...
Адамнан еш аумайды
Табиғаттың өзі де.
Даласы бар, тауы бар,
Бақшасы мен бауы бар.
Жапырағы жайқалған
Жасыл орман тағы бар!
Қысы-жазы жауатын
Жаңбыры бар, қары бар.
Бәрінің де жаны бар.
Не қажеттің бәрі де
Табиғаттан табылар!
...Көресің бе, Күн, Айды,
Ол да тірі сыңайлы.
Кіндігі оның – Жер-ана,
Тіршілікті құрайды!
Адамға ұқсас мінезі:
Ол да өзінше күледі,
Ол да өзінше жылайды.
Не сұрасаң, береді,
Ол да сенен сұрайды.
Табиғаттың тәртібі
Кім-кімге де ұнайды.
Кей қылығың жақпаса,
Ол да сені сынайды...
Ашуланса кенеттен,
Бұзып шығып бөгеттен
Тасқын болып құлайды...
Енді, қызым, ұқтың ба? -
Деп атасы сұрайды.
Атасы табиғатты кімге ұқсатады
Қалай ойлайсың, табиғат неге жылайды неге күледі​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.