"Аққудың айырылуы» Сәкен Сейфуллин помогите с сочинением пожалуйста
Answers & Comments
ЗНАНИЯ111111111111
Сәкен ақынның бұл поэмасы қазақ сөз өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен. Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі. Поэмадағы басты идея: Табиғатты қорғау керек; Сұлулықты бағалай білу керек; Өмірде қатыгездіктің болуы; Аққу құс - мәңгілік махаббат иесі; Екі аққудың аянышты тағдыры. Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей ыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Жалпы, Сәкен ақынның ақындың қарымын танытқан поэма қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.
Answers & Comments
Керек жерлерін көшірсен болады ;-))