Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.
Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар болып келеді.
1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. (3 балл)
Тұжырым
Шын
Жалған
А
Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік.
В
Қалада халық көп, көшелері у да шу.
С
Ауылдың ауасы таза, дала тып-тыныш болмайды.
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
Кеш (антоним) - _______________________________________ [1]
Бауырмал (синоним) -______________________________________
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
А. Ауыл түбі - бірлік, қауым түбі - тірлік. ШЫН
В. Қалада халық көп, көшелері у да шу. ШЫН
С. Ауылдың ауасы таза, дала тып-тыныш болмайды. ЖАЛҒАН
Кеш - ерте;
бауырмал - кішіпейіл.