«Ауыл – қазағымның төл бесігі. Дана да, батыр да, ғалым да, әнші де ауылдың тумасы. Шіркін, ауылдың құж-құж қайнаған өмірі қандай? Ақсақалдардың жігіт ағаларын жинап алып айтатын өсиеті, әжелеріміздің жүн иіре отырып шүйіркелескен әңгімесі, балалардың асыр салып ойнағандағы айқай-шуы, қозы-лақтың маңыраған үні, құстардың шиқылдаған дыбысы бір-бірімен үндесіп, жарасымын тауып жатады. Мен осы әлемнің бір бөлшегімін». Бұл менің мектепте оқып жүрген кездегі жазған шығармамнан үзінді…
Ал қазіргі ауылдың бейнесі сол баяғы күйде ме? Әрине, жоқ. Бұрынғы көріністі өзгертпеген тек үйіміздегі жануарлар ғана шығар. Мамыражай тірлік жоқ қазір мұнда. Бауырмал халық та азайған. Кішіге ақыл айтар ақсақалды да таппайсың. Көше бойында жиналған 5-6 шалды көрсеңіз, мемлекет тұрмақ, ауыл қамына басы ауырып отыр деп ойлаудан аулақ болыңыз. Олар сіз жайында әңгіме айтып жатуы әбден мүмкін. Бәріне топырақ шашудан аулақпыз, алайда мұндай кісілер бар.
Бірде ағамның үйінен қайтып келе жатсам, 3-4 қартаң кісінің бір мәселені қызу талқылап жатқанын құлағым шалды. Сөйтсем, бір кісінің қайтып келген қызының жайымен әуре екенін байқадым. Біреуі қызды қуып жіберді деді, бірі енесіне жақпады деді, әйтеуір ойына не келеді соны айтты. Өтіп бара жатқан мен қатты ұялдым. Оған көз жұма қарайын десек, немересін араққа жұмсап, баласымен қатарласып арақ ішкен атаны да көріп жүрміз. Бойжеткен қызға күлімдей қарап, кездесуге шақыратын қарияларды да кездестіреміз. Қасқырдан қайрат кетсе,ешкіні апа,текені жезде дейдінің де кері келді. Бір кісіге барып дұрыс әңгіме айтып, екінші кісіден сескене ме, әлде басқа ойы бар ма білмедім, сөзінен секіріп, екі сөйлеп ортаға іріткі салып жүрген көнекөзді де байқап жатамыз. Өз қамы үшін бұлай жасауын заңдылыққа санағанымызбен, аталы сөз айтып, елді түзетер жандар осы кісілер екенін ойласам қарным ашады.
Answers & Comments

озин кейбир жерлерин озгертип ал