Аяз би» ертегісі. 2-сабақ
Мәтін тақырыбы бола алатын жауап нұсқасын анықта.
Ханға келе жатып, Жаман:
- Адамның жаманын таптыңыздар, бірақ шөп пен құстың жаманын таба алмадыңыздар. Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан, - дейді. Уәзірлер себебін сұраса:
- Хан алдында айтамын, - деп Жаман айтпады. Уәзірлер келген соң, хан:
- Адамдарың жарайды, бірақ, - дейді хан, - құс пен шөптің жаманын таба алмадыңдар. Құстың жаманы – қырғауыл, шөптің жаманы – шеңгел, - деп, хан уәзірлерге ашулана бастайды. Сонда уәзірлер:
- Тақсыр, біз, шеңгел мен қырғауылды алдық, бірақ мына жаман адам: «Шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан», - деді. Хан таңғалып:
- Е, ол оны қайдан біледі? Алып келіңдер! - деп, бұйырады. Хан Жаманға қарап:
- Сен шөптің жаманы – қарақоға, құстың жаманы – сауысқан екенін қайдан білдің? - дейді.
- Тақсыр хан! Өмірім құлшылықта өтті. Сол уақытта шеңгелді отқа жақсам, жылу беретін. Сол уақытта «Киім жыртып, мал жемейтін шеңгел отын болып, пайдаға асады», - деп, ойладым. Енді қарақоғаны отқа жақсам, жанбайды, малға салсам, желінбейді. Қарақоғаның жамандығын содан білдім, - дейді Жаман.
- Сауысқанның жаман екенін қайдан білдің? - дейді хан.
- Қырғауыл – адамға пайдалы құс. Қырғауылдың айыбы – әдемі емес. Сауысқан бірлігі жоқ, адамға пайдасы жоқ. Сондықтан құс жаманы – сауысқан.
- Енді өзіңнің жамандығыңды қайдаң білдің? - дейді хан.
- Уа, тақсыр! Менің жасым елуге келді. Мен қатарлылардың әйелі, баласы, келіні бар. Мен әлі күнге дейін біреудің құлшылығындамын. Енді мен жаман болмай, жақсымын ба? - деп, Жаман ханға қарайды.

Шөптің, құстың, адамның жаманы

Уәзірлердің тілегі

Шөптің нашары

Хан

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.